Қазатомөнеркәсіп өзінің еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге 13 тау-кен активіне біріккен Қазақстан Республикасының аумағындағы 26 жұмыс учаскесінде өндіріс жұмыстарын жүргізеді.
![](/sites/default/files/gallery/mining-1.jpg)
Табиғи уран өндірілетін өңірлер
![](/sites/default/files/gallery/karta_dobycha_kaz.jpg)
Уран өндірудің жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісі алғаш рет 1960 жылдары қолданылып, 2017 жылы әлемдік уран өндірісінің 50%-н құрады.
Дәстүрлі әдістермен салыстырғанда ЖҰШ әдісінің қоршаған ортаға теріс ықпалы аз және ол өндірудің барынша төмен өзіндік құнын, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.
![](/sites/default/files/company-photos/700a2169.jpg)
ЖҰШ әдісімен өндіруге жарамды Қазақстан Республикасының қолайлы геологиялық жағдайы Қазатомөнеркәсіпке бірегей бәсекелестік артықшылық береді.
Қазатомөнеркәсіп уран өндіруді 100% ЖҰШ әдісімен жүргізеді.
- Өзінің негізгі бәсекелестерінен айтарлықтай асып түсетін Қазатомөнеркәсіп – 12,1 мың тонна өнімділікпен (2017 жылы әлемдік уран өндірудің ~ 20%) ЖҰШ әдісімен уран өндіруде даусыз көшбасшы.