Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Уран саласындағы әлемнің екі жетекші компаниясының («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Қазақстан Республикасы, «Камеко» корпорациясы, Канада) бірлескен кәсіпорны бола отырып, «Инкай» БК» ЖШС өз Қатысушылары сияқты жан-жақты және тұрақты дамуға ұмтылады, осылайша өз еркімен өз қызметінің барлық аспектілерінде әлеуметтік-бағдарланған беталыс туралы шешім қабылдайды.

Компания өзінің миссиясына, көзқарасына және корпоративтік құндылықтарына сәйкес болу мақсатында бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі (бұдан әрі – КӘЖ) саласындағы жоғары стандарттарға сәйкес келу мақсатын қояды.

Өз қатысушыларының, қызметкерлерінің, жергілікті қоғамдастықтың (Компания өз қызметін жүзеге асыратын өңірде) мүдделерін, сондай-ақ заңнамалық талаптар мен өзінің стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, Компания өз қызметін мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асыруға тиіс:

1. Адам құқықтары

  • Компания Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын құрметтеуге және оларды қорғауды қолдауға тиіс;
  • Компания адам құқықтарын бұзуға қатыспауы керек.

2. Жұмыс стандарттары

  • Компания бірлестік еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы керек;
  • Компания мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюды жақтауы керек;
  • Компания балалар еңбегін толығымен жоюды жақтауы керек;
  • Компания еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауы керек.

3. Қоршаған орта

  • Компания сақтық принципіне негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы керек;
  • Компания қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдауы тиіс;
  • Компания экологиялық таза технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

  • Компания сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы керек.

Компанияның КӘЖ саласындағы саясаты мынадай стратегиялық мақсаттарды белгілейді:

  • Қажетті іс-шаралар мен жобалар кешенін іске асыру арқылы «жоғары» деңгейден төмен емес әлеуметтік тұрақтылық рейтингіне қол жеткізу және қолдау. Әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау бойынша зерттеулерді «Самұрық-Қазына» АҚ тобының әдіснамасы бойынша бөгде ұйымдар жүзеге асыруы тиіс;
  • Ыңғайлы және қауіпсіз еңбек және демалыс жағдайларын жасау және дамыту, денсаулықты қолдау, Компания қызметкерлерінің уәждемесін арттыру, қызметкерлердің әлеуметтік көңіл-күйіне теріс әсер ететін факторлардың алдын алу арқылы еңбек өнімділігін арттыру;
  • Жергілікті атқарушы органдармен және/немесе қоғамдық ұйымдармен келісілген қажетті іс-шаралар мен жобалар кешенін іске асыру арқылы жергілікті қоғамдастық тарапынан әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде танылуға қол жеткізу және қолдау;
  • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын іске асыру және БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ілгерілету жөніндегі келісімге және «Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі басшылық» ISO26000:2010 халықаралық стандартына сәйкестік арқылы Компанияның, бизнес қоғамдастықтың дайын өнімін сатып алушы клиенттерінің қанағаттануына қол жеткізу және Компанияның имиджін халықаралық деңгейде нығайту.

КӘЖ саласындағы қызметтің негізгі бағыттары:

  • Сапа менеджменті, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесінің жұмыс істеуі;
  • Қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу;
  • Үнемді өндіріс;
  • Кадрларды дамыту;
  • Жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас жүйесі;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және істерді жүргізудің ашықтығы;
  • Түркістан облысы Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі;
  • Корпоративтік мәдениет.