«Инкай» БК» ЖШС-ның стратегиялық мақсаттары:
- Қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік
Адамдардың қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау біздің жұмысымыздың негізі болып табылады. «Инкай» басшылығының саясатындағы маңызды құрамдас бөлігі әлеуметтік жауапкершілік және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері болып табылады. «Инкай «БК» ЖШС әлеуметтік саясатының басымдығы: денсаулық сақтау, білім беру, спорттық өмір салты және әлеуметтік даму болып табылады.
- Тұрақты даму
Уран саласындағы әлемнің екі жетекші компаниясының еншілес кәсіпорны бола отырып, «Инкай» өз акционерлері сияқты жан-жақты және тұрақты дамуға ұмтылады.
- Экономикалық қосылған құнды арттыру
Прогрессивті компаниялар қолданатын, кәсіпорын қызметінің тиімділігін өлшеудің жаңа салыстырмалы критерийі. Бұл көрсеткішті ауқымды жақсарту Компанияның негізгі қызмет салаларындағы басты міндеттеріне қол жеткізуін көрсететін болады.
- Дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету
Бұл мақсаттың маңыздылығы бизнес табыстылығының негізгі басқарылатын факторы ретінде өндірістік шығындарды бақылау мен төмендетудің басымдылығымен анықталады.