- «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Инкай» БК» ЖШС қызметкерлері Шымкент қаласындағы «Ежелгі қалашық» мемлекеттік мекемесінің аумағында сенбілік өткізді.
Ежелгі қалашық (цитадель) – 2000 жылдан астам тарихы бар Шымкент қаласының бірегей тарихи-археологиялық ескерткіші. Кәсіпорын қызметкерлері мекеме аумағын тазалау және жинастыру жұмыстарын жүргізді.
Біз еліміздің экологиясына және өмір сүруге қолайлы ортаны қалыптастыруға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз.
