9 мамыр 2017, ОҚО, Созақ ауданы.
Инкай, Катко және Қаратау Ұлы отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Салтанатты шара ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылында ұйымдастырылды. Кәсіпорындар жергілікті билікпен бірлесе отырып, соғыс жылдарының ауыртпалығын басынан өткерген әрбір ардагерге барынша көңіл бөлуге тырысты. Шамамен 80 адам, олардың қатарында майдангерлер, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатының салдарларын жоюшылар уран өндірушілерден қаржылай көмек алды.