Global Business Reports-те Қазатомөнеркәсіп қызметіне шолу жасалды

Қазатомөнеркәсіп Global Business Reports басылымында Компания қызметі жайлы шолуды ұсынды.

Сату жөніндегі басқарушы директор Асқар Батырбаев Қазатомөнеркәсіптің тарихы, Компанияның ағымдағы жобалары, өндірісте қолданылатын жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) технологиясы мен оның артықшылықтары, пандемия кезіндегі шаралар және жаңа онжылдықтағы уранға деген сұраныстың болжамдары туралы әңгімелеп берді.

Халықаралық іскерлік басылым ретінде танымал Global Business Reports жаһандық бизнес-шешімдер қабылдайтын тұлғалар үшін әлемдік нарықтардағы ағымдағы жағдай туралы өзекті ақпаратты жеткізіп отырады.

Ағылшын тіліндегі жарияланыммен https://global-business-reports-2.preview.foleon.com/ie/uranium-report-2020/kazatomprom/ арқылы таныса аласыз.