«Самұрық-Қазына» АҚ «Үздік инновациялық компания - 2025» байқауының қорытындысын шығарды

Қор портфельдік компанияларда инновацияларды дамытуға бағытталған байқаудың нәтижелерін жариялады. Биыл байқауға Қорға қарасты сегіз компаниядан 35 жоба қатысты.
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсіміне Қор басшысы Нұрлан Жақыпов, Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева, компаниялардың өкілдері қатысты.

«Қатысушылардың жетістіктері бүкіл топтың тиімділігін арттыруға ықпал етеді», – деді марапаттау рәсімінде Нұрлан Жақыпов.
 
Байқауды «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы ұйымдастырды.
 
2025 жыл бойынша байқау жеңімпаздары:
«Үздік инновациялық компания» — «Қазатомөнеркәсіп»
«Өндірістік инновациялар көшбасшысы» — «Қаражанбасмұнай»
«Ең үздік инноватор»:
∙ Мартыненко Д. Ю. («Самұрық-Энерго»)
∙ Туранов А. А. («Қазатомөнеркәсіп»)
∙ Кунников А. В. («Қазақстан темір жолы»)
«Ең үздік енгізілген рационализаторлық шешім»:
∙ Кузнецов В. Н. («KEGOC»)
∙ Белоцерковский А. Н. («Қазатомөнеркәсіп»)
∙ Тәженов М. А. («ҚазМұнайГаз»)

 

Үш жыл ішінде «Самғау» орталығы іске асырылып жатқан 40-тан астам жобалар портфелін жасақтады. Биыл аяқталатын төрт жобаның өзінде экономикалық әсер 235 млрд теңгені құрайды.