Уран шығару

«Инкай» БК» ЖШС-ның дайын өнімін шығарудағы технологиялық үдерісі күкірт қышқылы арқылы жер асты ұңғымалық шаймалау әдісімен өнімді (құрамында уран бар) ерітінді ала отырып, уран өндіруді қамтиды. Уранды сорбция үдерісіне концентрациялау ионалмасушы анионитте (сорбентте) жүзеге асырылады. Соңғы үдеріс болып уранды десорбциялау және экспорттық сападағы уран пероксиді түріндегі дайын өнімді алу табылады.