Компания


 

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Уран саласындағы әлемнің екі жетекші компаниясының («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Қазақстан Республикасы және «Камеко» Корпорациясы, Канада) бірлескен кәсіпорны бола тұра, «Инкай» БК»ЖШС өзіңнің қатысушылары секілді жан-жақты және тұрақты дамуға ұмтылады, сол арқылы өз қызметінің барлық салаларында әлеуметке бағытталған мінез-құлық туралы шешімді ерікті түрде қабылдайды.

Өз миссиясы, пайымы және корпоративті құндылықтарына сай болу үшін Компанияның алдына қойған мақсаты  – бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (бұдан әрі - КӘЖ) жоғары стандарттарға сәйкес келу.

Біз кімді іздейміз

Біз, бізбен бірге дамуға, біздің құндылықтарымызды бөлісіп, Қомпанияның стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін өз үлестерін қосуға дайын адамдарды іздейміз.

Егер сіздің өзіңізге сеніміңіз нық болса, үздіксіз даму мен нәтижеге бағытталған болсаңыз, өз түйіндемеңізді  cvatinkai.kz жіберіңіз, егер де Сіздің кандидатураңыз лауазым талаптарына сай болса, Сізді өз тобымызға қабылдауға қуанышты боламыз.

Уран шығару

«Инкай» БК» ЖШС-ның дайын өнімін шығарудағы технологиялық үдерісі күкірт қышқылы арқылы жер асты ұңғымалық шаймалау әдісімен өнімді (құрамында уран бар) ерітінді ала отырып, уран өндіруді қамтиды. Уранды сорбция үдерісіне концентрациялау ионалмасушы анионитте (сорбентте) жүзеге асырылады. Соңғы үдеріс болып уранды десорбциялау және экспорттық сападағы уран пероксиді түріндегі дайын өнімді алу табылады.

Біздің Стратегия

«Инкай» БК» ЖШС стратегиялық мақсаттары келесілер болып табылады:

 

  • Қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік

Адамдардың қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау біздің жұмысымыздың негізі болып табылады. «Инкай» басшылығы саясатындағы негізгі құраушы әлеуметтік жауапкершілік және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері болып табылады. «Инкай» БК» ЖШС әлеуметтік саясатының артықшылығын денсаулықты сақтау, білім, спорттық өмір салты және әлеуметтік даму құрайды.     

 

Компания тарихы

«Инкай» Бірлескен кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасында 1996 жылдың 21 наурызында тіркелген. Серіктестіктің қатысушылары «Cameco» Корпорациясы (Канада) және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» Акционерлік қоғамы  (Қазақстан) болып табылады.

Біз туралы

Серіктестіктің негізгі қызметі барлау, игеру, шығару, қайта өңдеу, Инкай кен орнынан шығарылған уранды экспорттау және сату болып табылады.     

«Инкай» БК» ЖШС Түркістан облысындағы «Инкай» кен орнында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран шығаруды жүзеге асырады. 

Компанияның миссиясы: «Біз таза ядролық энергетика отыны үшін шикізатты жеткізуге белсенді қатысу мақсатында құрылғанбыз».

Компанияның пайымы: «Біз, Компаниямыз уран өндіру саласында әлем көшбасшысына айналуы үшін дамудамыз».