Уведомления
«2018 жылғы 19 ақпаннан бастап бір көзден алу тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату және төмендетуді қолданумен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу www.zakup.sk.kz. сайтында, жаңа ИСЭЗ 2.0 платформасының Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Жаңа ИСЭЗ 2.0 платформасының Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін www.skc.kz вебсайтында (бөлім – ИСЭЗ 2.0) орналастырылған үйретуші материалдармен танысу қажет.
Сонымен қатар контрагенттеріңіздің (өнім жеткізушілеріңіздің) назарына баға ұсыныстарын (соның ішінде төмендетуді қолданумен) сұрату тәсілімен сатып алуға және бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу мақсатында Жүйеге алдын ала тіркелу қажеттілігі туралы хабарлаймыз. Тіркеу жөніндегі нұсқаулық www.skc.kz (бөлім - ИСЭЗ 2.0), www.zakup.sk.kz (бөлім – Анықтамалар) вебсайттарында орналасқан.»
Осымен, 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап «Инкай»БК» ЖШС-ң заңды мекен-жайы өзгергендігі туралы хабарлаймыз.
Жаңа заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округы, Сарыжаз ауылы (кенті), 021 орам, 194 үй, пошталық индексі: 161000.