«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (AIX: KAP, KAP.Y; LSE: KAP) Лондон нарығындағы сауда басталғанға дейінгі 2018 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерін 2019 жылғы 6 наурызда жариялайды.
«Қазатомөнеркәсіп» 2018 жылғы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін 2019 жылғы 6 наурыз, сәрсенбі күні сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша (AST) / 08:00 (GMT) конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады.
Талқылаудан соң инвесторлармен сұрақ-жауап сессиясын ұйымдастыру көзделген. Қоңырау орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, қоңырау барысында тізбекті аударылып отырады.
Мүдделі тұлғалар төмендегі нөмірлер бойынша қоңырауға қосылуға шақырылады: Қазақстанда +7 495 249 9842, Ұлыбританияда +44 (0) 20 3003 2701 немесе АҚШ-та +1 646 843 4610 нөмірлерін теру және 8189576# қатысушы кодын қолдану арқылы қосылады. Слайдтар мен Конференцияның тікелей көрсетілімін жоғарыдағы сілтеме бойынша көруге болады. Жазбасы Конференция аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.
Инвесторлармен қарым-қатынасқа байланысты сұрақтар бойынша
Cory Kos, Инвесторлармен жұмыс істеу басқармасынынң басшысы
Тел: +7 7172 458169
Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланысқа және БАҚ сұранымдарына қатысты сұрақтар бойынша
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: prkazatomprom.kz
Giles Read (Powerscourt - London)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprompowerscourt-group.com
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ туралы
Қазатомөнеркәсіп – жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірудің 20%-наң астамын құраған табиғи уран өндірумен әлемдегі аса ірі уран өндіруші. Топ саладағы уран қорларының аса ірі резервтік базасына ие.
Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында 13 уран өндіруші кәсіпорындарға біріктірілген жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен 26 кен орнында өндеу жұмыстарын жүргізеді. Қазатомөнеркәсіп бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» Халықаралық биржасында сауда-саттыққа енгізілген.
Топ уранды және уран өнімдерін ұзақ мерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сонымен қатар споттық нарықта өзінің штаб-пәтерінен тікелей немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, THK арқылы сатады.