Уран саласындағы әлемнің екі жетекші компаниясының («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Қазақстан Республикасы, «Камеко» корпорациясы, Канада) бірлескен кәсіпорны бола отырып, «Инкай» БК» ЖШС өз Қатысушылары сияқты жан-жақты және тұрақты дамуға ұмтылады, осылайша өз еркімен өз қызметінің барлық аспектілерінде әлеуметтік-бағдарланған беталыс туралы шешім қабылдайды.
Компания өзінің миссиясына, көзқарасына және корпоративтік құндылықтарына сәйкес болу мақсатында бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі (бұдан әрі – КӘЖ) саласындағы жоғары стандарттарға сәйкес келу мақсатын қояды.
Өз қатысушыларының, қызметкерлерінің, жергілікті қоғамдастықтың (Компания өз қызметін жүзеге асыратын өңірде) мүдделерін, сондай-ақ заңнамалық талаптар мен өзінің стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, Компания өз қызметін мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асыруға тиіс:
1. Адам құқықтары
- Компания Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын құрметтеуге және оларды қорғауды қолдауға тиіс;
- Компания адам құқықтарын бұзуға қатыспауы керек.
2. Жұмыс стандарттары
- Компания бірлестік еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы керек;
- Компания мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюды жақтауы керек;
- Компания балалар еңбегін толығымен жоюды жақтауы керек;
- Компания еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауы керек.
3. Қоршаған орта
- Компания сақтық принципіне негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы керек;
- Компания қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдауы тиіс;
- Компания экологиялық таза технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- Компания сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы керек.
Компанияның КӘЖ саласындағы саясаты мынадай стратегиялық мақсаттарды белгілейді:
- Қажетті іс-шаралар мен жобалар кешенін іске асыру арқылы «жоғары» деңгейден төмен емес әлеуметтік тұрақтылық рейтингіне қол жеткізу және қолдау. Әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау бойынша зерттеулерді «Самұрық-Қазына» АҚ тобының әдіснамасы бойынша бөгде ұйымдар жүзеге асыруы тиіс;
- Ыңғайлы және қауіпсіз еңбек және демалыс жағдайларын жасау және дамыту, денсаулықты қолдау, Компания қызметкерлерінің уәждемесін арттыру, қызметкерлердің әлеуметтік көңіл-күйіне теріс әсер ететін факторлардың алдын алу арқылы еңбек өнімділігін арттыру;
- Жергілікті атқарушы органдармен және/немесе қоғамдық ұйымдармен келісілген қажетті іс-шаралар мен жобалар кешенін іске асыру арқылы жергілікті қоғамдастық тарапынан әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде танылуға қол жеткізу және қолдау;
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын іске асыру және БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ілгерілету жөніндегі келісімге және «Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі басшылық» ISO26000:2010 халықаралық стандартына сәйкестік арқылы Компанияның, бизнес қоғамдастықтың дайын өнімін сатып алушы клиенттерінің қанағаттануына қол жеткізу және Компанияның имиджін халықаралық деңгейде нығайту.
КӘЖ саласындағы қызметтің негізгі бағыттары:
- Сапа менеджменті, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесінің жұмыс істеуі;
- Қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу;
- Үнемді өндіріс;
- Кадрларды дамыту;
- Жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас жүйесі;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және істерді жүргізудің ашықтығы;
- Түркістан облысы Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі;
- Корпоративтік мәдениет.