«Соңғы бес жылда «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарында өндірістік жарақат екі есе азайды. Компания өндірістік қауіпсіздікті жақсарту үшін жыл сайын шамамен 7 млрд теңге бөледі. «Қазатомөнеркәсіптің» 28 ұйымы халықаралық стандарттарға сай келетін өндірістегі денсаулық және қауіпсіздік менеджментінің жүйесін енгізген», – деп ТТМКА-ң атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұханов атап өтті. Марапаттау рәсімі Бүкіл әлемдік еңбекті қорғау күніне орайластырылған Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бойынша «KIOSH 2017» VII Қазақстандық халықаралық конференция және көрме аясында өтті. «Инкай»БК Компаниясы «Cameco» Корпорациясының барлық кеніштерінің арасында қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және сапа саласында көшбасшы ретінде танылды. Соңғы бір жарым жылда («еңбекке қабілеттілікті жоғалту орын алатын жарақатсыз 1 жылды қоса алғанда ») ҚТ мәдениетін жоғары деңгейде енгізгені үшін, кәсіпорынға Мэри Джин Митчел Грин атындағы сыйлығы тағайындалды. Бұл жетістіктерге жету ұжымның күш-жігері және халықаралық менеджмент стандарттарын сақтау арқылы мүмкін болды. Сонымен қатар, 2009 жылы Инкай «Cameco» директорлар кеңесінің алғашқы мүшелерінің бірі Мэри Джин Митчелл Грин атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. Мэри Джин компания кәсіпорындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша белсенді жұмыстар атқарған.