Жүректен жүрекке
Жақсылық – әлемді мейірім мен жылулыққа бөлейтін күш. Ол үлкен істерді талап етпесе де, жүректерге қуаныш сыйлай алады.
«Инкай БК» қызметкерлері игі іс жасап, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бірінші Мамыр ауылындағы «№2 балалар үйіне» тәтті сыйлықтар апарды. Балалардың жарқын күлкісі мен шынайы қуанышы жүректерді жылытып, шабыт берді.
Бұл күн жақсылық жасаудың маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді. Өйткені кішкентай ғана қамқорлық үлкен бақыт сыйлай алады!