Компания тарихы

«Инкай» Бірлескен кәсіпорны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасында 1996 жылдың 21 наурызында тіркелген. Серіктестіктің қатысушылары «Cameco» Корпорациясы (Канада) және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» Акционерлік қоғамы  (Қазақстан) болып табылады.

1999 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Серіктестікке жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берді, ал 2000 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі мен Серіктестік  Оңтүстік Қазақстан облысының Инкай кен орнындағы №1 учаскесінде уран өндіруді жүргізу және №2 және №3 учаскелерінде уранды барлап, соңынан өндіру жөніндегі Келісімшартқа қол қойды.  

2016-шы жылдың 27 мамырында Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі барысында қол қойылған құжат алдағы 30 жылда іске асырылатын бірлескен жобаларды айқындайды. Нақты айтқанда, жер қойнауын пайдалану келісімі 2045-ші жылға дейін ұзартылып, Қазатомөнеркәсіптің «Инкай» БК» ЖШС-гі  үлесі 40-тан 60 пайызға дейін артады.

2017-шы жылдың 11 желтоқсанында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Cameco» Корпорациясының «Инкай» БК» ЖШС-н  қайтақұрылымдау бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады. Лондон қаласындағы салтанатты рәсімде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов пен «Cameco» Корпорациясының Президенті – Бас атқарушы директоры Тим Гитцел «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ , «Cameco» Корпорациясы және «Инкай» БК» ЖШС арасындағы 2016 жылғы 27 мамырдағы Іске асыру жөніндегі келісімде көрсетілген қайта құрылымдау туралы құжатқа қол қойды.