Біздің Стратегия

«Инкай» БК» ЖШС стратегиялық мақсаттары келесілер болып табылады:

 

  • Қауіпсіздік және әлеуметтік жауапкершілік

Адамдардың қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау біздің жұмысымыздың негізі болып табылады. «Инкай» басшылығы саясатындағы негізгі құраушы әлеуметтік жауапкершілік және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері болып табылады. «Инкай» БК» ЖШС әлеуметтік саясатының артықшылығын денсаулықты сақтау, білім, спорттық өмір салты және әлеуметтік даму құрайды.     

 

  • Тұрақты даму

Атом энергиясы саласындағы әлемнің жетекші екі  компаниясының еншілес кәсіпорны бола отырып, «Инкай» өз құрылтайшылары сияқты жан-жақты және тұрақты дамуға ұмтылады. 

 

  • Экономикалық қосылған құнды арттыру 

Алдыңғы қатардағы компаниялар қолданатын, кәсіпорын қызметінің тиімділігін өлшеудің салыстырмалы жаңа көрсеткіші. Осы көрсеткішті ауқымды арттыру Компанияның негізгі қызмет саласындағы басымды міндеттеріне жетуін көрсетеді.  

 

  • Дайын өнімнің өзіндік құнын азайту 

Осы мақсаттың маңыздылығы бақылаудың артықшылығымен және бизнес табыстылығының негізгі басқарылатын факторы ретіндегі өндірістік өзіндік құнды азайтумен анықталады.