Уран саласындағы әлемнің екі жетекші компаниясының («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Қазақстан Республикасы және «Камеко» Корпорациясы, Канада) бірлескен кәсіпорны бола тұра, «Инкай» БК»ЖШС өзіңнің қатысушылары секілді жан-жақты және тұрақты дамуға ұмтылады, сол арқылы өз қызметінің барлық салаларында әлеуметке бағытталған мінез-құлық туралы шешімді ерікті түрде қабылдайды.
Өз миссиясы, пайымы және корпоративті құндылықтарына сай болу үшін Компанияның алдына қойған мақсаты – бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (бұдан әрі - КӘЖ) жоғары стандарттарға сәйкес келу.
Қатысушыларының, жұмыскерлерінің, жергілікті қауымдастықтың (Компания өз қызметін жүзеге асырып отырған аумақта) мүдделерін, сонымен қатар заң талаптарын және өзінің стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, Компания өз қызметін төмендегі қағидаларды сақтай отырып жүзеге асыруы тиіс:
1. Адам құқықтары
- Компания Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық дәрежеде жарияланған құқықтарға құрмет көрсетуі және оларды қорғауда қолдау жасауы тиіс;
- Компания адам құқығын бұзуға қатысты болмауы тиіс.
2. Жұмыс стандарттары
- Компания бірігу еркіндігін және ұжымдық шарттарды жасауға құқықтың шынайы мойындалуын қолдауы тиіс;
- Компания мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюға ат салысуы тиіс;
- Компания балалар еңбегін түпкілікті жоюға қолдау көрсетуі тиіс;
- Компания еңбек және жұмыспен қамту саласында дискриминацияның жойылуына ат салысуы тиіс.
3. Қоршаған орта
- Компания сақтық шараларына негізделген экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қолдауы тиіс;
- Компания қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті жоғарылатуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруы тиіс;
- Компания экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуыа және таратылуына жағдай жасауы тиіс.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- Компания бопсалаушылық және парақорлықты қоса алғанда сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы тұруы тиіс.
Компанияның КӘЖ саласындағы саясаты келесі стратегиялық мақсаттарды бекітеді:
- Қажетті шаралар және жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік тұрақтылықтың «жоғары» деңгейінен төмен емес рейтингісіне жету және сол деңгейді ұстап тұру. Әлеуметтік тұрақтылық рейтингісін анықтау бойынша зерттеулер «Самрұқ-Қазына» АҚ тобының әдістемесі бойынша сыртқы ұйымдармен жүзеге асырылуы тиіс;
- Еңбек өндірімділігін еңбек және демалыстың жайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау және дамыту, денсаулықты сақтау, Компания жұмыскерлерінің ынтасын жоғарылату, жұмыскерлердің әлеуметтік көңіл-күйіне теріс әсер ететін факторлардың алдын-алу арқылы жоғарылату;
- Жергілікті атқарушы органдар және/немесе қоғамдық ұйымдармен келісілген қажетті шаралардың және жобалардың кешенін жүзеге асыру арқылы жергілікті қауымдастықтың тарапынан әлеуметтік тұрғыдан жауапты кәсіпорын ретінде мойындалуына қол жеткізу және сол деңгейді ұстап тұру;
- Компанияның дайын өнімді сатып алушы клиенттерінің, бизнес қауымдастықтың қанағаттануына қол жеткізу және Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатың жүзеге асыру және БҰҰ-ң жаһандық шартының қағидаларын насихаттау бойынша Келісімге және ISO26000:2010 «Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі басшылық» халықаралық стандартына сай болу арқылы Компания имиджін халдықаралық деңгейде нығайту.
КӘЖ саласындағы қызметтің негізгі бағыттары:
- Сапа менеджменті, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесінің жұмысы;
- Қоршаған ортаны қорғау және энергияны үнемдеу;
- Үнемді өндіріс;
- Кадрларды дамыту;
- Жұмыскерлер және жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынастар жүйесі;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және істерді жүргізудің ашықтығы;
- Түкістан облысы Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу;
- Корпоративтік мәдениет.
Шектеулер:
- Заңды және жеке тұлғаларға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге тиым салынған;
- Компания саяси партиялар және діни ұйымдардың қызметін қаржыландырмайды.